Алматыда маусым айында газбен жүретін 200 жаңа автобус жолға шығады

889

Барлығы биылғы жылы 460-тан астам жаңа автобус алу жоспарланған.

Алматыда маусым айында газбен жүретін 200 жаңа автобус жолға шығады

Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Маусым айында қала көшелеріне газбен жүретін төмен еденді 200 автобус шығатын болады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар кондиционерлермен, пандустармен және видеобақылау камералары жүйелерімен қамтылған. Жаңа жылжымалы құрам көлікті күту уақытын және бағыттардағы кептеліс сағаттарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, қазір "Алматыэлектротранс" ЖШС орнатқан камералар арқылы жүргізушілер бақылауға алынған. Барлық тәртіп бұзушылық тәртіптік кеңесте қаралады. Ең бастысы, жолақысын қолма-қол төлемінсіз, "Оңай" жүйесін енгізу арқылы қаланың автобус парктері 80%-ға жаңарды, көлеңкелі айналымдағы қаржы шығарылды.

Егер бұрындары автопарктер бюджет қаржысы есебінен жаңарса, ал қазір тасымалдаушылар өз қаржыларын инвестициялауға мүкіндік беретін ашық нарықтық мехнаизмді ұтымды қолдануда. Жыл басынан бері қарай №65, №60, №14 тығыз бағыттар бойынша 125 жаңа автобус жүре бастады

Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде ғана қаланың автобус паркі 80%- дан астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі стансасының құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды.

Бұлардан өзге,15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, қаланың 14 ықшам ауданындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу