Алматыда маусым айында жаңа қосалқы станция іске қосылады

Осы арқылы қаланың оңтүстік бөлігін энергиямен қамтамасыз ету сапасын жақсарту көзделген.  

Алматыда маусым айында жаңа қосалқы станция іске қосылады Фото: Halyq Uni

Алматы қаласының Бостандық ауданында инженерлік желілерді жаңғырту бойынша жобалар жоспарлы түрде іске асырылуда.

Мұны Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Ауданның 200 мың тұрғыны үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі. Бұған маусым айында іске қосылатын жаңа электр қосалқы станциясы септігін тигізеді.

"Қаланың оңтүстік бөлігін энергиямен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін "Алмагүл" шағын ауданында электр қосалқы станциясы салынып, ұзындығы 4,8 шақырым болатын жаңа кабель желісі төселді. Бүгінгі таңда подстанцияға электр қуатын беру жұмыстары аяқталып келеді. Қосалқы станцияны маусым айында іске қосу жоспарланған", - деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу