Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды

538

Бұл судың ластануына байланысты жасалған шара, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды Фото: Ашық дерек көздерінен

"Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны хабарлауынша, мына мекенжайға су беру тоқтатылды:

Юбилейный шағынауданы, Тау Самал шағынауданы (Каменск үстірті), "ВИП Алем" коттедж қалашығы, "Европолис" тұрғын-үй кешені, Керей Жәнібек хандар көшесі, Оңдасынов көшесі, Ладушкин көшесі, Оспанов көшесі, Қыз Жібек көшесі, Жәнібеков көшесі, Найманбаев көшесі, Достық даңғылы, Чайкин көшесі.

"Көктөбе" шағынауданы, "Самал 1-3" шағынауданы, "Таулы қырат" шағынауданындағы Қажымұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов, Сахариев көшелерінде желідегі судың қысымы төмендеді.

"Су беру көздеріндегі жауын-шашынға байланысты бастапқы судың лайлану деңгейі көтерілді. Сондықтан су қабылдау уақытша тоқтатылды", - делінген "Алматы Су" хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу