Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды

432

Селдің нәтижесінде пайда болған тау өзендеріндегі бастапқы судың жоғары деңгейде лайлануы су тазарту бекеттеріне қажетті су көлемін алуға уақытша тазартуға мүмкіндік бермей отыр. 

Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды Фото: Егемен Қазақстан

24 шілде күнгі сағат 8:00-дегі жағдай бойынша бастапқы судың зертханалық талдауы лайлану деңгейінің өткен күндермен салыстырғанда үштен біріне төмендегенін көрсетті. Су дайындау нысандарының қалыпты жұмысқа көшуі ертең, яғни  25 шілдеде жүзеге асырылады деп күтілуде.

Бұған дейін өткен демалыс күндері жауын-шашынға байланысты сумен қамту тораптарында судың лайлану деңгейі артып, су беру уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша шектелген.

Мына мекенжайлардағы тұтынушыларға су беру уақытша тоқтатылды:

Юбилейный ш/а., Тау Самал ш/а. (Каменск үстірті), "ВИП Алем" коттедж қалашығы, "Европолис" ТҮК, Керей Жәнібек хандар көшесі, Оңдасынов көшесі, Ладушкин көшесі, Оспанов көшесі, Қыз Жібек көшесі, Жәнібеков көшесі, Найманбаев көшесі, Достық даңғылы, Чайкин көшесі.

"Көктөбе" ш/а., "Самал 1-3", ш/а. "Таулы қырат" ш/а-дағы Қажымұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов, Сахариев көшелеріндегі желідегі судың қысымы төмендеді.

"Алматы Су" МКК уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Диспетчерлік қызметтің телефондары: 274-66-66, +7 771 852 9101

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу