Алматыда "Медеу" бағытындағы автобустар жаңарды

435

Бағыттарда жоспарлы шығу жұмыс күндері 16 және демалыс күндері 20 жылжымалы бірлікті құрайды. 

Алматыда "Медеу" бағытындағы автобустар жаңарды Фото: Almaty Joly

6 наурыздан бастап №12 бағытта Теміржол вокзалы-2 – "Медеу" БТК қатынайтын автобустар толығымен жаңарды, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Yutong маркалы газбен жүретін 12 метрлік жаңа автобустар заманауи жабдықтармен, соның ішінде кондиционерлеу, бейнебақылау жүйелерімен және телефондарды зарядтауға арналған USB коннекторларымен жабдықталған. Сонымен қатар, салон ағымдағы және келесі аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплеймен толықтырылған.

Бұл ретте босатылған автобустар басқа бағыттарды күшейтуге бағытталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 100 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу