Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті "Медеу" саябағының директоры Алмас Аттапхановты, оның орынбасары Алмас Айқымбаевты және ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Асқар Жанаевты ұстады, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Кәсіпкерлік субъектісінен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жарияланбайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу