Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2023 жылдың 25 қазанынан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолындағы тас құлауының салдарын жою жұмыстары басталды. Жұмыс жүргізу кезінде автокөліктердің қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді. Жоба шеңберінде аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту, беткейлерден топырақ пен тастарды түсіру және жинақтаушы тосқауылдарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Бұған шамамен 11 бірлік техника мен 50 адам тартылады", – деп хабарлады қала әкімдігі.
Сонымен қатар тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындар қызметкерлері үшін жұмыс кестесі өзгереді.
Аталған жұмыстарды іске асыру екі кезеңге есептелген. Негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланған.