Алматы әкімдігі "Медеу-Шымбұлақ" жолының өткізу режимі бекітілгенін және жаяу жүргіншілер мен автомобильдер қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Осы жылдың 25 қазанынан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолында осы көктемде құлаған тастардың зардаптарын жою жұмыстары жүргізілген. Соған байланысты "Медеу-Шымбұлақ" автожолында өткізу режимі бекітілген. Жаяу жүргіншілерге жолдан өтуге қатаң тыйым салынады. Дегенмен, студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады.
"Электромобил және такси жүргізушілеріне сағат 09:00-ге дейін және сағат 18:00-ден кейін кіруге рұқсат етіледі. 13:00-ден 14:00-ге дейінгі кезеңде тек техникалық қызметтердің арнайы көлігіне кіруге рұқсат етіледі. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Оның өзгергені туралы қосымша хабарланады", - делінген хабарламада.
Жоба аясында тастарды түсіру және кедергілерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың негізгі түрлері (беткейлерді бұрғылау және нығайту) келесі жылға жоспарланған.
Бұдан басқа, 2024 жылдың көктемінде нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Қала әкімдігі барлық туристер мен тұрғындардан жолдарда абай болуға шақырады.