Халықаралық мейіргер күні қарсаңында Алматыда медицина қызметкерлері арасында кәсіби байқау өтіп жатыр. Өз мамандығы бойынша үздіктердің білімін, тәжірибесі мен дағдыларын алдыңғы қатарлы майталман медбикелер мен сала ардагерлері кіретін құзыретті қазылар алқасы бағалайды.
"Сіздерге шығармашылық шабыт, жоғары мансап, білім тілеймін – бұл үшін бүгінде барлық жағдай бар. Сіз магистр, ғылым докторы бола аласыз, медицинаның түрлі саласын дамыта аласыз. Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мерейлі 50 жыл, бүгінде барлық назар МСАК-қа ауып отыр. Сондықтан да болар, Денсаулық сақтау министрлігінің байқауында "Үздік МСАК медбикесі" номинациясы қызылмен ерекшеленіп тұр. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, кім жеңімпаз болатыны маңызды емес, тек жеңу емес, қатысу да маңызды. Бүгін сіздер үшін өз біліміңіз бен кәсіби дағдыларыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік туды. Биыл медбикелік істің негізін қалаған Флоренс Найтингейл үшін де мерейлі жыл, ол 200 жасқа толар еді. Дүниедегі керемет әрі бірегей мамандықтың дүниеге келуіне біз оған қарыздармыз. Бүгін медбике ісі саласында өзін-өзі жетілдіруге әрі өсуге барлық мүмкіндік бар", - деп атап өтті жарысқа қатысушылар алдында Алматы қаласы медбике ісін дамыту жөніндегі үйлестіруші Майя Абабкова.
Бүгінгі жарыс Алматы қаласы Алмалы ауданындағы 12 медициналық ұйым арасында ұйымдастырылды. Бұл – талапкерлер үшін қалалық және республикалық турға дейінгі аралық кезең. Байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы 28 сәуірде белгілі болады. Жеңімпаздар Алматы қаласын республикалық деңгейде қорғайды.