Алматыда медициналық мекеменің шатырына ағаш құлады

759

Орталықтан 32 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Алматыда медициналық мекеменің шатырына ағаш құлады

Алматыда медициналық мекеменің шатырына ағаш құлап, 21 емделуші мен орталықтың 11 қызметкерін көшіруге тура келді. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға туралы ТЖД-ға "Республикалық ғылыми-тәжірибелік психикалық орталық" медбикесі таңғы сағат 06:02-де хабарлаған.

Мекеме басшысы орынбасарының сөзінше, нысан 1918 жылы салынған. Ағаш Сейфуллин көшесі жағынан құлапты. Нәтижесінде медициналық мекеменің бір бөлмесі зақымданған.

"8 палатада жатқан 21 емделуші мен 11 орталық қызметкері көшірілді. Зардап шеккендер жоқ",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу