Алматыда медициналық ұйымдар 1 млрд теңгені қайтарып берді

469

Алматыда сапасыз қызмет көрсетіп, емделмеген науқасты "емдедік" деп жазған медицина ұйымдарынан 1 млрд теңге қайтарылды.  

Алматыда медициналық ұйымдар 1 млрд теңгені қайтарып берді Фото: kstnews.kz

Медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, тұрғындарға көмек көрсетуде көп кемшілік жіберетін бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары көрінеді.

Олардың жұмысын тексеру барысында бір жылда 93 мың кемшілік анықталып, 117 млн теңге айыппұл салынған. Ақ халаттылар емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттан ауытқып, құжаттарды дұрыс толтырмайтын көрінеді.

Сондай-ақ, қызмет бағасын негізсіз көтеріп, пайда тауып қалғандар да айыппұл арқалаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу