Алматыда мефедрон өткізумен айналысқан жігіт 10 жылға сотталды

404

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда мефедрон өткізумен айналысқан жігіт 10 жылға сотталды Фото: SemeyNews

Алматыда мефедрон өткізумен айналысқан жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Медеу соты "А" есімді жас жігітті соттады. Ол "Телеграмм"-да "Cesare" интернет-дүкені арқылы өткізу курьері ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды көріп, есірткіні жасырын белгілеп қою арқылы елеулі табыс табуға уәде берген "Houston" лақап атты адаммен хабарласқан", - делінген хабарламада. 

Бұдан басқа жігіттің жалға алған пәтерде аса ірі көлемде "мефедрон" дайындап, өлшеп-орауды жүзеге асырғаны анықталған.

"Нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, 10 жылға соттады", - деп хабарлады қалалық прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу