Алматыда мегаполис ішіндегі блок-бекеттердің жұмысы тоқтатылды

490

Алайда карантин талаптары мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау керек.

Алматыда мегаполис ішіндегі блок-бекеттердің жұмысы тоқтатылды
Алматы қалалық Полиция департаменті карантин режимінің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысандардың жұмысын қайта жандандыруына байланысты шаhар ішінде орналастырылған блок-бекеттердің жұмысы тоқтағанын хабарлады. "Қазіргі уақытта патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған. Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады", - деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар, Полиция департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау керектігін еске салады. Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу