Алматыда мейрамхана өртенді

518

Алматыда мейрамхана өртеніп, оқиға орнынан 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда мейрамхана өртенді

7 қараша күні сағат 18:45-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданына шықты. Хабарланғандай, Төле би, 24 В көшесінде ғимарат өртеніп кеткен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес қабатты әкімшілік ғимаратының шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Өртті сөндіру барысында 20 келуші эвакуацияланды.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 11 минут ішінде ауыздықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу