Алматыда мектеп құрылысы екі айға кешігеді

465

Қаланың қақ ортасында тұрған цемент зауыты туралы алматылықтар бірнеше жылдан бері айтып келеді. 

Алматыда мектеп құрылысы екі айға кешігеді

Алматыда жол жөндейтіндердің қара тізімі пайда болды. Бұл туралы қала әкімі тұрғындармен кездесуде айтты. Оның сөзінше, жұмысын сапасыз жасайтындар көбейген. Соның бір дәлелі осы оқу жылында берілуі керек мектептің құрылысы әлі біткен жоқ.

Қаланың қақ ортасында тұрған цемент зауыты туралы алматылықтар бірнеше жылдан бері айтып келеді. Тіпті, зауытпен 10 рет соттасып, жеңген болатын. Бірақ, әлі ешқандай шара қолданылған жоқ. Аудан әкімі Гүлнәр Көкебаева болса, экология департаментінің қортындысы негізінде бітімгершілік келісімі жасалды дейді. Бірақ, экология департаменті ешқандай құжатқа қол қоймадық деп ақталды.

"Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда олардың декларация беруге құқығы бар екендігі туралы түсіндірме хат бердік. Бүгінгі күні олардың оң қорытындысы жоқ. Біз ешқандай қол қойған жоқпыз, Әділет департаменті қол қойды", деді Экология департаменті басшысы орынбасарының м.а. Ерлан Жақиянов.

Барлық тарапты тыңдаған әкім соңғы мәселені экология департаменті емес, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қарағанын айтты. Досаев ведомствоға қарасты құрылымдарға 15 қыркүйекке дейін шешімді тексеруді тапсырды. Цемент зауытына қатысты мәселемен енді прокуратура айналыспақшы. Досаев басқарып отырған әкімдік бір зауытты жаба алмай отырса, бір жағынан мектепті аша алмай жатыр. Қаладағы №148 білім беру мекемесіне қосымша ғимарат салу жұмыстары өткен жылы қыркүйекте басталған. Бірақ, уақытында бітпей жатыр. Әкім кінәнің барлығы мердігер компания жапты. Енді тіпті қара тізім де пайда болыпты.

"Өз жұмыстарын сапасыз орындайтын мердігерлердің белгілі бір тізімі бар. Солардың бірі - "Сұңқар" ЖШС. Оларды сапасыз жұмыстарын қалпына келтіруге мәжбүрлейміз. Мен әкімдікке сіз айтқан мекенжай бойынша тапсырма беремін. Біз қыркүйек айының соңына дейін жұмысты аяқтауға тырысамыз: оны мүмкіндігінше ыңғайлы етіп жасаймыз және қыста ешқандай проблема болмайды", деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Бұл жиында тұрғындар тағы Досаевтың отставкаға кетуін тағы да талап етті. Әкім болса, оның қайдан жұмыс істейтінін бір ғана тұрғын шешпейтінін айтты. Өйткені, бір адамның пікірі нақты шешім қабылдамайды деп түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу