Алматыда мектеп құрылысына отандық өнім қолданылады

474

Бұл – "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде қолға алынған шара, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда мектеп құрылысына отандық өнім қолданылады Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың сөзінше, мектептерді жиһазбен, құрылғылармен қазақстандық өндірушілер жабдықтайды.

Қазір жобалық құжаттама әзірленіп жатыр, құрылыс күзде басталады.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында қалада 37,1 мың оқушылық орынды 22 мектептің құрылысы жоспарлануда. Мектептер салу бойынша белгіленген тәсілге сәйкес, олар негізінен отандық өндірістің тауарларымен жарақтандырылады. Әкімдік өз тарапынан осы жобаны іске асыруда жергілікті өндірушілерге барынша қолдау көрсетуге дайын", - деді қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Бүгінгі күні Алматыдағы сегіз мектеп бойынша құрылыс салушылармен келісімшарт жасалды. Жаңа мектептер заманауи стандарттарды, қажетті инфрақұрылымды ескере отырып салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу