Алматыда мектеп оқушысы мысықты аяусыз қорлаған

94

Желіде бейнежазба тарады.

Алматыда мектеп оқушысы мысықты аяусыз қорлаған Фото: видеодан алынған кадр

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің бірінде жасөспірім мысықты аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Оқиғаның видеосы Instagram-да пайда болды. 

"Теремки" тұрғын үй кешенінде жануарға қатыгездік көрсетудің сорақы жағдайы орын алды. Мектеп оқушысы мысықты қорлаған", – делінген материалда. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазба бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен тексеру жүргізілгенін хабарлайды. Аталған оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басы анықталды. Жасөспірімнің заңды өкілінің үстінен тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік материал толтырылды. Жасөспірім профилактикалық есепке қойылып, онымен және оның отбасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде", – делінген полиция ақпаратында.

Полиция департаменті жануарларға қатыгездік көрсетуге қатаң тыйым салынатынын және бұл әрекет ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу