Автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай, оларда авариялық шығу жолы, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус және т.б. бар. Балалар мұғалімнің қарауымен және балаларды тасымалдау ережелеріне сәйкес тасымалданады.
"Бірқатар мемлекеттік мектептер 1 қыркүйектен бастап жүретін мектеп автобустарымен қамтылады. 20 орындық автобустар жолдары тар тауларға қарай жүреді. Мектептер бағыттарды, балаларды алып кету уақыты мен аялдамалар санын әзірлеп қойған. 1 балаға бір орын қарастырылған, бәрі отырып барады", – дейді Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу