Алматыда мектептердің қауіпсіздік жүйесі тексерілді

Шаһар білім ордаларында 6 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.   

Алматыда мектептердің қауіпсіздік жүйесі тексерілді Фото: informatik.kz

Алматыда мектептердің қауіпсіздік жүйесі тексерілді. Полиция департаментінің хабарлауынша, тексеру қаладағы 214 мемлекеттік және 100 жекеменшік мектепті қамтыды. 

"Бұған дейін хабарланғандай, білім беру ұйымдарында білім алушылардың қауіпсіздігін, бейнебақылау жүйелерінің жабдықталуын, қызметкерлер мен келушілерді ескерту құралдарын, қауіпсіздік дабылын тексеру бойынша білім басқармасымен бірлесе отырып, жалпы білім беретін мекемелерді зерттеу бойынша комиссия құрылды. Бүгінгі таңда қала мектептерінде 6739 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, олардың басым бөлігі жедел басқару орталығымен біріктірілген. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында жүргізілген тексеру қаланың барлық мектептерінде дүрбелең түймелері орнатылғанын және жұмыс істеп тұрғанын көрсетті", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев. 

Сонымен қатар спикердің айтуынша, білім беру мекемелері дабыл жүйесімен жабдықталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу