Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

500

Олар – Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары.  

Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды Фото: polisia.kz

Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шетел азаматтарын полиция қызметкерлері "Мигрант" іс-шарасы кезінде анықтаған.

"4 күнде көші-қон заңнамасын бұзған 689 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 83 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 360 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 288 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 40 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 464 шетелдік орналастырылды", – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген.  Бұдан өзге мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу