Алматы қаласы Полиция депараментінің мәліметінше, Станислав Конаков есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей Федерациясы мемлекетаралық іздеуге жарияланған.
Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда күдікті қашып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынды Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде", – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу