Алматыда мемлекеттік нысандардың бір бөлігін кәсіпкерлер қалпына келтіреді

1150

Мегаполисте жалпы саны 243 нысанға жөндеу жұмыстарын жасау қажет.

Алматыда мемлекеттік нысандардың бір бөлігін кәсіпкерлер қалпына келтіреді

Алматыда 243 нысанды қалпына келтіру қажет, мемлекеттік нысандардың бір бөлігін кәсіпкерлер қалпына келтіреді. Бұл туралы шаһардың тыныс-тіршілігін  қамтамасыз ету бойынша штаб отырысында мегаполис басшысының орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінде Алматы қаласында қалпына келтіруге жататын 243 нысан анықталды. Онда өрт болған терезелерді, есіктерді қалпына келтіру қажет. Жалпы одан да көп нысандар бар. Оның 216-сы шағын және орта бизнес және 27-сі мемлекеттік мекеме", – деді Мұхит Әзірбаев. 

Оның айтуынша, 10 мемлекеттік нысан бойынша бюджет қаражаты есебінен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.  

Бұл – әкімдік, "Қазақстан" телеарнасы, президент резиденциясы және Алматы прокуратурасының құқықтық статистика басқармасының ғимараттары.

Сондай-ақ ІІБ, Алмалы аудандық ІІБ және Алмалы аудандық ІІБ фронт-кеңселері бар ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

"Қалған 17 нысан шамалы зақымданған, қалпына келтіру бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізіледі. №1 қалалық клиникалық ауруханада, кардиоорталықта, №1 перзентханада, Алмалы аудандық АМСК және №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаларында жұмыс басталды", – деп толықтырды спикер.

Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматы қалалық ІІД, Әуезов және Жетісу аудандық ішкі істер бөлімдерінің 10 модульдік посты қалпына келтірілмек.

Спикердің айтуынша, мердігерлер анықталып, жұмыс басталып кетті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу