Алматыда мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдар деректер алмаса алады

754

Биыл шаһарда бірыңғай деректер базасы іске қосылады.  

Алматыда мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдар деректер алмаса алады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматының Цифрландыру басқармасының деректерді басқару бөлімінің басшысы Аида Дәрменова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қаласының Бірыңғай деректер базасының (БДБ) арқасында мемлекеттік органдар, коммерциялық ұйымдар мен академиялық институттар деперсонализацияланған деректермен алмаса алады.

Аида Дәрменованың айтуынша, 2020 жылғы пандемия кезеңі қалалық бірыңғай деректер базасын құру қажеттігін көрсетті.

"Қазіргі кезде қала бойынша түрлі деректерді алу, талдау және интеграциялау кезінде қиындықтарға алып келеді. Бұл ретте маңызды қалалық деректердің иелері тек мемлекеттік органдар ғана емес, коммерциялық компаниялар екенін де ескеру қажет. Сондықтан бірыңғай деректер базасын құру туралы шешім қабылданды, оған Алматы қаласы әкімдігінің барлық басқармаларының, ведомстволық бағынышты және серіктес ұйымдарының деректері жиналуы тиіс", – деп түсіндірді жобаның құрылу мақсатын Аида Дәрменова.

Айта кету керек, алматылық әдіс Қазақстан нарығында бірегейі – әдетте, деректер базасы тек мемлекеттік және коммерциялық деректер қоры үшін ғана жасалатын.

Цифрландыру басқармасының өкілі бірыңғай деректер базасын әзірлеу кезінде 30 жыл бойы ұлттық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін Сингапурдың тәжірибесін пайдаланылғанын айтады.

"Жүйені іс жүзінде жүзеге асыру үшін өткен жылдың төртінші тоқсанынан бастап біздің Цифрландыру басқармасы CrimsonLogic және "Алсеко" компанияларымен бірлесіп, Алматы бойынша жеке тұлғалардың деректерін және "Алсеко" коммуналдық төлемдердің бірыңғай базасын интеграциялау бойынша пилоттық жобаны іске асыра бастадық", – деді Аида Дәрменова.

Осылайша "Алсеко" арқылы талдау жүргізілді, онда қаланың әкімшілік аудандарында тұратындардың саны бойынша 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында коммуналдық төлемдерді төлеу сомасы зерттелді.

"Біз Жетісу және Наурызбай аудандарын мысал ретінде қарастырдық. Бұл ретте Жетісу ауданында тіркелген тұрғындар саны 30%-ға көп, бірақ төлем сомасы Наурызбай ауданына қарағанда 15 есе жоғары. Осылайша, Наурызбай ауданында коммуналдық қызметтерді жеткізушілер базаларында тіркелген адамнан гөрі әлдеқайда көп адам пайдаланады деп болжауға болады", – деп жалғастырды Аида Дәрменова.

2021 жылғы наурызда біріктірілген деректер коммуналдық төлемдер түбіртектерінде пайда болды, онда нақты мекенжайда тіркелген азаматтардың саны көрсетілген. Интеграция нәтижесінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің базалары едәуір ұлғайды.

"Мысалы, "Алматы Су"тұтынушылар базасы 258 мыңға жуық адамға артты. Жеке есепке алу аспаптары жоқ жеке шоттарда 87 мыңнан астам тұтынушы анықталды, бұл компанияның тек наурыз айында есептеулерінің 58,7 млн теңгеге және тиісінше сәуір айында 55,5 млн теңгеге ұлғаюына әкелді", – дейді Цифрландыру басқармасының өкілі.

Осы деректердің нәтижесінде коммуналдық қызметтерді жеткізуші компаниялардың кірістерін ұлғайту есебінен коммуналдық қызметтердің инфрақұрылымдарын жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу