Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне ауқымды концерт өтеді

124

Іс-шара заманауи фестиваль форматында өтіп, әртүрлі буын өкілдерін бір алаңға тоғыстырады.  

Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне ауқымды концерт өтеді Фото: gov.kz

Алматы қаласында мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған ауқымды мерекелік Open-Air концерт ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Концертте қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары өнер көрсетеді. Сахна төрінде Айдар Тұрғанбек, Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожа, Тұрар, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Баянсұлу, Диная және Ернар Жұматаев сияқты танымал әншілер өнер көрсетеді. Сонымен қатар кешті "КешYOU", "Алашұлы" және "Абырой" топтары қыздыра түспек.

Ұйымдастырушылар барша алматылықтар мен қала қонақтарын мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік кешті бірге тамашалауға шақырады.

Мерекелік шара Алматы қаласындағы Көк-Төбе демалыс саябағында өтеді. Концерт 2026 жылдың 4 маусымы күні сағат 17:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады.

Алматыда бұл күні "Медеу" спорт кешенінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі, Достық үйінде конференция және Көктөбеде мерекелік концерт өтеді. Сонымен қатар қаланың барлық ауданында тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу