Алматыда мерекеде гүл сатқандар қоқысты көшеге тастап кеткен

589

7-8 наурызда бүкіл қала бойынша гүл сататын базарлар ұйымдастырылған, олардан кейін көгалдарда, аркаларда қоқыс үйінділері пайда болды.

Алматыда мерекеде гүл сатқандар қоқысты көшеге тастап кеткен Фото: Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

"Түнгі кезеңде және 9 наурыз күні таңертең қалалық қызметтердің барлық күштері қала аумағын тазарту жөніндегі тікелей міндеттерін орындаудың орнына стихиялық сауда орындарын тазартуға және осы учаскелерді санитарлық нормаларға сәйкес келтіруге бағытталды", делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Осыған байланысты коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы алматылықтарға ескерту жасады.

"Біздің коммуналдық көріктендіру қызметшілері қаланы таза ұстауға тырысады, ал немқұрайлы қала тұрғындары оларға жұмыс қосады.

Қала аумағында жүргізілген кез келген іс-шаралардан, жұмыстардан немесе саудадан кейін, арнайы бөлінген жерлерде тазалық пен тәртіпті қалпына келтіруді қамтамасыз етуді сұраймыз.

Көріктендіру ережелерін сақтамағаны үшін құқық бұзушылар ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз", делінген хабараламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу