Алматыда мерекелік безендіруге 175 миллион теңге жұмсалады

974

Алматыда мерекелік безендіруге 175 миллион теңге жұмсалады

Алматыда қос мереке алдындағы безендіру жұмыстарына 175 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл қалалық мәдениет және архив басқармасына ҚР Тәуелсіздігі күні және жаңа жыл мерекесі алдындағы безендіру жұмыстарына 175 млн теңге бөлініп отыр. Былтыр бұл сома 215 млн теңгені құраған болатын.

"Биыл тек басты көшелер ғана емес, 8 аудандағы көшелердің барлығы әрленеді. Қаладағы ұзындығы 260 км болатын барлық көпірлер мен жол айырықтарында гирляндалар, иллюминациялар, барлығы 6800 элемент ілінеді, сондай-ақ шағын архитектуралық мүсіндер мен кронштейндер орнатылады. Бұлардың барлығы келесі жылы да пайдаланылатын болады. Одан бөлек әр ауданның әкімдіктері шырша орнатып, балаларға мерекелік шаралар өткізеді", - деді қалалық мәдениет басқармасынан.

Қалада 18 желтоқсаннан кейін Республика сарайы, Абай атындағы опера және балет театры, ҚР Тұңғыш Президенті паркі, Алматы арена сарайы маңында 15 шырша орнатылады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда бас шыршаның шамдарын 18 желтоқсан күні жағу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу