Алматыда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

598

Әуезов ауданының полицейлерінің мәліметінше, оның іс-әрекеті толықтай камераларға түсіп қалған, деп жазды inbusiness.kz.

Алматыда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

"Тұрақты жері жоқ 42 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды. В. есімді азаматтың ұрлық жасап жатқан жері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шегушінің айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде, намаз оқу кезінде телефонын еденге, аяғының астына қойған. Намаздан кейін затының жоғалғанын байқады. Сол күні-ақ күдікті анықталды және ұсталды. Ұрланған смартфон ұрының өзімен бірге болды. Ұсталған азамат ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды, ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтып отыр", – деді Әуезов ауданы ПБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Елнұр Құдретбаев.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу