Алматыда метро станциясына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылды

1198

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев салынып жатқан екі метро станциясының атауын өзгеру туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда метро станциясына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылды

Бақытжан Сағынтаев ұсынысын Facebook-тегі парақшасында жеткізді.

"Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешуді ұсындым. Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты. "Достық" стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта "Западный" автовокзалы аталуы тиіс стансаға "Қарасай" атауы ұсынылмақ", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, Алматыда 3 шақырым метро желісін қамтитын "Сарыарқа" және "Достық" бекеттері салынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу