Мегаполис басшысы Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесіп, жалпы қоғамдық көлікті дамыту мәселесін қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сондай-ақ, әуежайға қарай филиал салу жобасы дайындалуда. Келесі жылы біз жұмыс қарқынын жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, жол-көлік қозғалысының жоспарына сәйкес метро, ЛРТ және БРТ сияқты қоғамдық жылдам көлік салу өте маңызды. Келесі жылы ірі жобаларды іске асыру басталады", – деді Е. Досаев.
Әкімнің айтуынша, Алматыда 700 мыңнан астам көлік тіркелген және күн сайын 450 мыңға жуық көлік облыстан келеді.
"Бүгінде миллионнан астам көлік жүреді. Біздің міндетіміз - дамыған қоғамдық көлікті жасап, қозғалысты жеңілдету. Сонда тұрғындар жеке көлікке емес, автобусқа немесе метроға таңдау жасайтыны анық. Дамыған қоғамдық көлік қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экологияны жақсартуға септігін тигізеді", – деді әкім.