Ықшамауданның 400-ден астам тұрғыны мобильді топтың медицина қызметкерлерінен түрлі сұрақтар бойынша тегін медициналық тексерулер мен кеңестер алып үлгерді. Атап айтқанда, тұрғындар флюорографиядан, ЭКГ, офтальмолог, кардиолог, хирург, ЛОР дәрігер, гинеколог, уролог, невропатолог және басқа дәрігерлерден кеңес алды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы халықтың сапалы медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуі қамтамасыз етілмеген қала аудандарына мобильді топтарды жіберуді ұйғарған еді.
Айлыққа басқармаға қарасты Алматы қаласының медициналық ұйымдары қатысады. Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Жылжымалы кешендер тұрғындарды тексеру үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Тұрғындарға терапевт, педиатрлар, кардиологтар және басқа да профильді дәрігерлер қызмет көрсетеді. Айлықтың өтуіне Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болуда.