Алматы қаласындағы "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында 8-11 наурыз аралығында фристайлдан "могул" және "шаңғы акробатикасы" бойынша әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы, қалалық Спорт басқармасына сілтеме жасап.
"Чемпионатқа 19 елден 140 cпортшы қатыспақ. Біздің елдің намысын "могул" және "шаңғы акробатикасы" дисциплиналарында Қазақстан құрамасы қорғайды",–деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.
Сондай-ақ тау-шаңғы курортында 13-14 наурыз аралығында фристайлдан әлем
кубогының (FIS Freestyle Ski World Cup) ақтық сайысы өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу