Алматыда мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

519

Қалада 12 мыңнан астам нысан тексерілді. 

Алматыда мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында құрылған мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істей бастады. Аудандық әкімдіктер жанынан құрылған 24 бақылаушы топ әртүрлі ұйымдар мен нысандарда эпидемияға қарсы шаралардың орындалуын тексеру үшін күнделікті рейд жүргізіп отырады. 

Мониторингтік топтар 5 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 12415 нысанды тексерген. Карантиндік режимді бұзу және маска тақпау фактілері 3371 нысанда байқалған. Осындай тексерулер нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3371 хаттама толтырылып, 119 заңды тұлға мен 3252 жеке тұлғаға айыппұл салынды. 

"Құрамына Жетісу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, жергілікті полиция, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Жетісу ауданы "Nur Otan" партиясы филиалының өкілдері енген бақылаушы топ түнгі мониторинг кезінде шектеу шараларын бұзған 3 фактіні анықтады", – дейді баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі кезде халықтың игілігі үшін санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманы қатаң сақтауға және жабық нысандарда бетперде тағу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін карантин қатаң шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады. 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу