14 ақпан күні сағат 18:00-де Алматы ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 85/77 мекенжайы бойынша монша кешенінің жануы туралы хабарлама түсті.
Өрт сөндіру техникасының жолындағы көлік кептелісі кедергі болғанына қарамастан, жедел келген өрт сөндіру есептеулері екі ағаш үйдің ашық жалынымен алысты. Оттың көршілес ағаш коттедждерге таралу қаупі туындады.
Дереу жедел штаб орналастырылып, өрт оқпандары енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Қызыл жалын шарпыған аудан - 600-700 ш.м.
Villar монша кешені Алматы қ. ТЖД есебінде (33 132) тұр, төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылған.
"Азаматтық қорғау туралы" Заңның 38-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәніне тәуекел дәрежесі төмен объектілер тексерілмейді, - деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Осыған байланысты бұл кешен өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауға алынған жоқ.