Алматыда мопед жүргізушілеріне 11 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

791

Айыппұл жол ережесін бұзған самокатшыларға да салынды.

Алматыда мопед жүргізушілеріне 11 млн теңгеге жуық айыппұл салынды Фото: Alataunews.kz

25 наурыз бен 3 сәуір аралығында Алматыда полицейлер 1555 мопед жүргізушісінің атына 10 729 500 теңге айыппұл жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция департаменті негізінен Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша хаттама толтырған:

593-бап. Шлемсіз мопед жүргізу және жолаушы тасымалдау. Айыппұл мөлшері – 5 АЕК немесе 17 250 теңге;

596-бап. Мопедпен жүруге тыйым салынған жолақпен қозғалу. Айыппұл мөлшері – 15 АЕК немесе 51 750 теңге.

Ал жол ережесін бұзған самокатшылар 2 АЕК немесе 6900 теңге айыппұл төлейді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тексеріс әрі қарай да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу