Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргінші әйелді қағып кетіп, екеуі де көз жұмды

189

Қайғылы оқиға Алматыда "Алтын Орда" базарының маңында орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргінші әйелді қағып кетіп, екеуі де көз жұмды Фото: dnepr.express

 

Қалалық полиция департаментінен хабарлағандай, бүгін сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды.

"Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған Қазақстан азаматы. Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екеуі де мопед жүргізушісі мен жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу