Алматыда мотоцикл мінген адам автобусқа оқ атты

666

 Полицейлер қоғамдық көлікке оқ ату фактісін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Алматыда мотоцикл мінген адам автобусқа оқ атты Фото: google.com

Болжам бойынша, қоғамдық көлік жолын кескендіктен, ер адам оқ жаудырған.

Алматыда полицейлер автобусқа оқ атқан мотоцикл жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

"Бұл дерек бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алматының Түрксіб ауданында орын алды. Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншамен автобустың әйнегін атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Мотоциклшінің жеке басы анықталды, оны ұстау шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу