25 наурызда Алматыда MTK Kazakhstan ұйымдастырған бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (9-0, 6 КО) өнер көрсетеді. Сейітжановтың қарсыласы жеңіліп көрмеген мексикалық Хосе Масиас Энрикес (15-0, 7 КО) болмақ. Бұл кездесуде бірінші жартылай орта салмақтағы жастар арасындағы WBO чемпиондық титулы сарапқа салынады.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) пен оңтүстікафрикалық Джонни Мюллер (23-2, 14 КО) кездеседі. Олар қазақстандық боксшыға тиесілі бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold белбеуіне таласады.