Алматыда мұғалімді зорлаған мектеп басшысы қызметтен кетті

698

Болған оқиғадан кейін әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Алматыда мұғалімді зорлаған мектеп басшысы қызметтен кетті Фото: Turkystan.kz

Алматыда №10 мектеп-интернаттың мұғалімі аталған білім мекемесінің директоры оны зорлағанын айтты. 

Мұғалімнің айтуынша, директор өткен жылдың күзінде зорлаған. Сондай-ақ, ер адам кабинетінде қызмет бабын пайдаланып, қызметкерін жұмыстан тыс уақытта кездесуге мәжбүрлеген. Алайда бұл ақпаратты жария еткен соң, директор жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазған, бірақ тағылған айыпты жоққа шығарған.

Кейін зардап шеккен мұғалім өлім алдындағы хатын жазып, өзіне қол жұмсаған. Дәрігерлер оны дер кезінде құтқарып, аман алып қалды.

Қазір Алматы қалалық түзеу мекемесінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды. Сондай-ақ, құқық қорғау өкілдері ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тағы бір іс қозғады.

Қылмыстық істерді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі тергеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу