Алматыда "Ten Qogam" мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының тағы бір филиалы ашылды.
Жаңа бөлімше Алатау ауданында, Талдыарал, 13 мекен-жайында орналасқан.
Қазір қалада жеті филиал жұмыс жасайды, оның 5-і жыл басынан бері екі ай ішінде ашылды (қалған 2-і өткен жылы жұмысын бастады): Бостандық, Жетісу, Әуезов, Медеу және Алатау аудандары. Наурыз айының соңына дейін "Ten Qogam" орталықтары қаланың барлық аудандарында болуы үшін енді Түрксіб және Алмалы аудандарында филиал ашу жоспарлануда.
Орталықтың филиалдарында мүмкіндігі шектеулі алматылықтар түрлі мәселелер бойынша кеңес ала алады, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, оқытуға көмек алады, тағылымдамадан өтуге жолдама алады, психологиялық көмек алады және т.б. тіл үйренуге, оқыту немесе біліктілік курстарына жазыла алады.
Бүгінде "Ten Qogam" барлық филиалдарында 3 600-ге жуық алматылықтар түрлі қызметтер алды.
Тиімді жұмыс істеу үшін Орталықтар қоғамдық ұйымдармен шарт жасасады.
Олардың қатарында "Altyn time" мүгедектер қоғамы, "Үміт" есту қабілеті төмен мүгедектерді қолдау орталығы, "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы, "Inclusion.kz" мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін "Кедергісіз KZ" мүгедектігі бар адамдар қоғамы бар.