Алматыда мұнаралы кран машинисі қайтыс болды

1636

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Алматыда мұнаралы кран машинисі қайтыс болды

"23 қаңтарда сағат 10.40-та Алматы қаласы Әуезов ауданы, Науаи көшесі, "NAVOI 3.0" тұрғын үй кешенінде "Мирас Констракшн" ЖШС мердігерлік компаниясы Star Rent компаниясының кран машинисімен бірге мұнара кранын жалға алған. Мұнара кранының құлауы салдарынан 49 жастағы кран машинисі Б.С. Майнов жарақат алып, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", – деп хабарлады жексенбі күні әкімдікте.

Алматы қалалық полиция Департаменті аталған факті ҚР ҚК-нің 277 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін, оған Әуезов аудандық полиция Басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу