Алматыда мың цифрлық бейнекамера орнатылды

1671

Шаһарда күніне 2 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Алматыда мың цифрлық бейнекамера орнатылды

Алматыда қоғамдық тәртіпті күзетуге екі мыңнан астам полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланы сарбаздары жұмылдырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Олар 550 патрульдік: 300 автокөлік және 250 жаяу бағыттар бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бір қоғамдық ұйыммен мен жеті мекеменің ұжымы белсенді қатысуда. Соның нәтижесінде биылғы жылдың үш айында 42 қылмыстың беті ашылды, 2 мың 757 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жедел жағдайды қадағалау, қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қалада құқық бұзушылықтардың алдын-алу және ашу үшін 121 мың 860 бейнебақылау камералары қолданылады", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. 

Алматы қалалық Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашниннің айтуынша, құқық бұзушылықтарды алдын-алуда, болған оқиғаға жедел әрекет ету, қылмыстарды ашу, қоғамдық орындарда және азаматтардың жаппай баратын жерлерінде бейнебақылау жүйесін дамыту маңызды рөл атқарады.

"Тәжірибе көрсеткендей, қылмыстық элемент пен қоғамдық тәртіпті бұзушылар бейнекамералардан аулақ болады, бейнежазба неғұрлым жақсы болса, аймақ қауіпсіз болады. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің қолдауымен "Алматы қаласының бейнебақылау жүйелері"жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында қалада бір мың цифрлық бейнекамера орнатылды, оның 120-сы күзеттік бейне-талдау функциясымен. Жоба Мониторинг орталығын құруды, кез келген бейнекамералардан ақпараттар шығару үшін Жедел басқару орталығының мүмкіндіктерін кеңейтуді, сондай-ақ, бейнекамералар түсірген оқиғаларды тіркеуді ЖБО бағдарламалық жасақтамасын жетілдіруді жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті Квашнин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу