"Бұл жағдай асфальтты тесу кезінде кәсіби емес әрекеттер салдарынан орын алды. Қазіргі уақытта "QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалының мамандары газ құбырының зақымдалған учаскесінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Жөндеу жұмыстары кезінде 8048 пәтерге, жеке сектордағы 2543 үйге және 67 коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорынға газ беру уақытша тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі нақты айтылған жоқ.
Мамандар газ құбырының қауіпсіздігін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шаралар қолданылып жатқанын атап өтті.