Алматыда мыңға жуық адам вакцина салғызды

988

Олардың басым бөлігі дәрігерлер.  

Алматыда мыңға жуық адам вакцина салғызды

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше 1 ақпаннан бері мыңға жуық медицина қызметкері вакцина салғызды.

"1 ақпан күні 360, 2 ақпанда 540 дәрігер екпе салғызды, кешке дейін тағы біраз адам вакцина алады", - деп хабарлады басқармада.

Айта кетейік, 1 ақпан басталған коронавирусқа қарсы жаппай егу алдымен медицина мамандарынан басталады. Оның ішінде жұқпалы аурулар ауруханасында, жедел жәрдем мен реанимация бөлімінде, санэпидстансаларда жұмыс істейтін мамандарға бірінші кезекте вакцина салынады.

Еске сала кетсек, вакцинациялаудың алғашқы күні Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев ресейлік  "Спутник V" вакцинасын салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу