Алматыда мыңнан аса мас жүргізуші ұсталды

465

Алматы жолдарында мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда мыңнан аса мас жүргізуші ұсталды

– Көлік құралдарын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқаратын жүргізушілерді анықтауға бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шаралар мақсатты түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері шаһар жолдарында 1150 мас жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл өрескел құқық бұзушылық үшін 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев. 

Сондай-ақ, жылдамдықты шектен асырып, әсіресе түнгі уақытта жарыс ұйымдастыратын көлік жүргізушілерін анықтау жұмыстары күшейтілген. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың, оның ішінде жылдамдықты арттырудың алдын алу мақсатында патрульдік полиция жасақтарының саны ұлғайтылып, автоматты режимде жұмыс істейтін бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері белсенді түрде пайдаланылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу