Алматыда "Мыңжылқы" жаңа кемпинг-аймағы ашылды.
Туристердің жайлы және қауіпсіз демалысы үшін шатырлар, жайлы беседкалар, орындықтары бар үстелдер және ұлттық стильдегі "алтыбақан" әткеншектері орнатылды.
Туристерді тартудың жаңа нүктесі кіші Алматы өзенінің бастауында теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орналасқан. Маңайында Мәншүк Мәметова атындағы көл мен Амангелді шыңы орналасқан.
"Біз туристер үшін жаңа автобус бағыттарын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Әрбір кемпингтің орны тақырыбы мен сипатына сәйкес келетін өзіндік бірегей дизайны бар. Кемпинг аймақтары туралы барлық ақпарат карта платформаларына, соның ішінде 2GIS-ке қосылады", - деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.
"Мыңжылқы" соңғы жылдары Алматы қаласы Туризм басқармасы ашқан тоғызыншы кемпинг-аймақ болды. Биыл жылдың соңына дейін туристік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде ҮАК (БАО) - та кемпинг-аймақ құрылады.