Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды

1199

Алматыда енді бір адамға бес наннан артық сатылмайды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды

Осы жылдың 30 қарашасына дейін осындай шектеу енгізіліп отыр. Бұл тек "Ақсай нан" компаниясының дүкендеріне қатысты. Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шара алып-сатарлармен күресу үшін қолға алынғанын алға тартуда. Осылайша, төмендетілген бағадағы нан тапшылығын болдырмауды көздеп отыр. Тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ дейді сала өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу