Алматыда “ Narkostop” жобасы іске қосылды

601

Оның мақсаты нашақорларға алғашқы психологиялық көмек көрсету. 

Алматыда “ Narkostop” жобасы іске қосылды Фото: google

Бұл жедел желі Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асырылып отыр, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

"Narkostop" жобасы нашақорлар мен олардың жақындарына арналған жедел желі. (8-727) 339-51-99, WhatsАpp +7-747-461-67-01 нөмірлері бойынша аддиктолог мамандар ауру туралы егжей-тегжейлі әңгімелейді, кеңестер жүргізеді. Сонымен қатар қажет болған жағдайда білікті психологиялық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Полиция департаменті жанынан ашылған 8-705-549-70-25 жедел желі телефоны бар. Оған азаматтар есірткі қылмыстары туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлай алады. Оның ішінде есірткі сайттарының трафареттік жарнамасы салынған орындар жайында хабарлауға болады.

"Narkostop" жобасының үйлестірушісі Нұржан Жақыповтың айтуынша, жедел желі телефонына күніне 30-ға жуық қоңырау келіп түседі және онда анонимділік шартымен көмек көрсетіледі. Оның дерегінше,  қазіргі синтетикалық нашақорлар негізінен тұрмысы жақсы отбасылардан шыққан және ол туыстары үшін күтпеген жайт болады.

"Кейбір абоненттер операторлармен сөйлескеннен кейін емделу туралы шешім қабылдайды және біздің тегін көмек көрсету топтарына қатыса бастады. Туыстары қиын жағдайға тап болып, тәуелді болып қалған қала тұрғындарын бейжай қарамауға, уақытты босқа өткізбеуге шақырамын. Көмектесу мүмкіндігін өзіңіз іздеңіз немесе біздің телефондарымызға хабарласыңыз. Онда сізге білікті көмек көрсетіледі", – деді Нұржан Жақыпов.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу