Алматыда Наурыз мерекесі қалай тойланады?

1099

Алматыда Наурыз мейрамын тойлау 14 наурызда "Көк төбе" саябағының аумағында өткен "Көрісу күні" шарасымен басталды.  

Алматыда Наурыз мерекесі қалай тойланады? Фото: gov.kz

Негізгі іс-шаралар, қала әкімдігінің мәліметінше, 21 наурыз күні сағат 10:00-де "Наурыз шеруі" деп аталатын шерумен басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шеру Алматы қаласының орталық көшелері – Абай және Абылай хан даңғылдарының бойымен өтіп, Төле би көшесіне дейін барады. Мерекелік іс-шараға  барлығы 500 адам қатысады

21 наурыз күні сағат 11:00-де "Астана" алаңында "Наурыз-думан" гала-концерті өтеді. Артистер сахнада ұлттық және әлемдік музыкалық шығармаларды орындап, актерлердің және балалар ұжымдарының қатысуымен театрландырылған музыкалық қойылым көрсетіледі.

22 наурыз күні сағат 17:00-де "Астана" алаңында жас орындаушылардың қатысуымен Zhuldyzdy Almaty концерті өтеді.

21-22 наурыздағы мерекелік іс-шаралар кезінде қала тұрғындары мен қонақтарына барлығы 60 тонна наурыз көже мен бауырсақ таратылатын болады.

18-24 наурыз аралығында Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде "Наурыз Fest" іс-шарасы өтеді. Бұл күндері суретшілер мен қолөнершілердің көрмелері ұйымдастырылып, келушілер кілем тоқу, жібек пен керамиканы бояу, асыл тастарды кесу, былғарымен, ағашпен, шыны және сазбен жұмыс істеу технологиясымен таныса алады. Іс-шара аясында аниматорлардың қойылымдары, халықтық караоке, би флешмобы, конкурстар, эстрада жұлдыздарының қатысуымен жанды дауыстағы концерт, сыйлықтардың ұтыс ойындары және басқа да шаралар өткізу жоспарлануда.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін мерекелік іс-шаралар барлық ауданда ұйымдастырылады.

Әуезов ауданында "Наурыз-2023" мерекелік іс-шарасы 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Әуезов ауданы әкімдігінің алдында өтеді (Алтынсарин, 23). Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама сол күні сағат 18:00-ден басталып, Әуезов ауданы әкімдігінің алаңында сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Алатау ауданында мереке 22 наурыз күні сағат 11:00-ден 16:30-ға дейін "Алатау" дәстүрлі өнер театрының аумағында өтеді.

Бостандық ауданында "Наурыз мейрамы" салтанатты іс-шарасы 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін Mega Center СОО амфитеатрында өтеді.

Жетісу ауданында "Наурыз тойы – 2023" мерекесін 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін "Гүлдер" саябағында өткізу жоспарланып отыр.

Медеу ауданында концерттік бағдарлама 21 наурызда сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін Ұлттық Ғылым Академиясының алдында жоспарланған.

Түрксіб ауданында "Наурыз мейрамы" мерекелік бағдарламасы 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін С.Сейфуллин атындағы саябақта өтеді.

Наурызбай ауданында "Наурыз той – 2023" концерті 22 наурызда сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Абай даңғылында (Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейін) өтеді.

Алмалы ауданында Наурыз мерекелік концерті 21 наурызда сағат 14:00-ден басталып, Mega Park СОО аумағында сағат 17:00-ге дейін жалғасады, сонымен қатар, 21-23 наурыз аралығында қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу