Алматыда Наурыз мерекесін үздік безендіруге байқау жарияланды

516

Өтінімдерді қабылдау 31 қаңтар мен 20 ақпан аралығында жалғасады.  

Алматыда Наурыз мерекесін үздік безендіруге байқау жарияланды Фото: kartinken.net

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы "Наурыз мейрамы-2023" арналған ең үздік визуалды безендіру дизайнына конкурс жариялайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Байқауға қатысу үшін қаланы билбордтармен безендірудің ерекше нұсқасын әзірлеп, оны альбом түрінде ұсыну қажет: альбом билбордтардың стилистикасын, түс схемасы мее дизайнын қамтуы керек. Жұмыстар салмағы 20 Мб-тан аспайтын PDF форматында қабылданады, бастапқы файл CorelDraw (қисық) бағдарламасында жасалуы керек.

Өтінімдерді қабылдау 31 қаңтардан басталып 20 ақпанға дейін жалғасады.

"Үздік жұмысты 21 ақпанда Дизайнерлер одағының, Суретшілер одағының,  Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясының мүшелері таңдайды. Байқау нәтижелері Алматы қаласы мәдениет басқармасының ресми сайтында жарияланады", - делінген хабарламада.

Ең үздік дизайн қаланың жарнама алаңдарында орналастырылады.

Жүлде қоры:

  • 1 орын үшін  – 1 млн теңге;
  • 2 орын үшін – 500 000 теңге;
  • 3 орын үшін – 300 000 теңге.

Ұсыныстарды альбом түрінде almatymadeniet02@gmail.com электрондық поштаға жіберу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу