Алматыда NauryzFest өтеді

165

Алаңда мерекелік көңіл-күй сыйлайтын жарқын арт-нысандар орнатылады. 

Алматыда NauryzFest өтеді Фото: Алматы әкімдігі

21-25 наурыз күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Абай алаңында мәдени мұра мен заманауи технологияны біріктіретін NauryzFest фестивалі өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондай-ақ, "Шаңырақ" арт-нысаны орнатылып, ол ұрпақтар сабақтастығы мен бірлікті бейнелейді. Бұған қоса, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған инсталляция қойылады. Көркем композиция дәстүрлі қазақ мәдениеті мен цифрлық өнер элементтерімен толығады.

Абай алаңына келген қала тұрғындары мен қонақтары ерекше безендірілген үш киіз үйді тамашалай алады. "Рухани мұра" киіз үйінде Абай, Жамбыл, Дина және басқа да тұлғалар қолданған халық музыкалық аспаптардың көшірмелері ұсынылып, музыканттар өнер көрсетеді. "Алматыға саяхат" киіз үйі қалаға виртуалды сапар жасауға мүмкіндік береді. Мұнда табиғи панорамалар мен мәдени көріктік жерлер ұсынылады. "Инновациялық киіз үй" – қолөнер шебері Марат Бексұлтановтың жобасы. Бұл бар-жоғы 20 минут ішінде құрылатын ерекше трансформер-киіз үй.

Келушілер үшін интерактивті ойындар ұйымдастырылады: алтыбақан, артистердің өнер көрсетуі және басқа да қызықты іс-шаралар өтеді. NauryzFest дәстүр мен технологияны үйлестіретін ерекше кеңістікке айналады.

Сондай-ақ, 22 наурыз күні сағат 10:30-дан 21:00-ге дейін Абай алаңында "Жаңа ғасыр" театры артистерінің қойылымдары, танымал өнерпаздардың өнер көрсетуі және түрлі іс-шаралар өтеді. Республика сарайының алдындағы сахнада "Steppe sons" тобы, Жәмиля Серкебаева, "Tumar" тобы, "Ұлы дала қыздары" тобы, Нұржан Тәжікенов, "Жұмыр қылыш" тобы, "ILIGAI" тобы, "МузАрт Life" дуэті, "Aldaspan" тобы, сондай-ақ Бибігүл Қилымхан, Диас Мұратхан, Сандуғаш Стамғазиева, Тілек Базаров, Марал Анарбек, Қайратбек Бектұрсын, "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артистері және т.б. өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу